378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында алаяқ «полицей» ұсталды

  • 440
  • UPD: 10:37, 27.02.2019

Бұл туралы «Қостанай таңы» газеті хабарлайды.

Күдікті азамат полицейдің киімін киіп, оңай олжаға кенелген. Алаяқ көшеде зейнеткерлерді жол жүру ережесін бұздыңыз деп тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырмау үшін ақша талап еткен. Осындай жолмен ол 300 мың теңге бопсалап үлгерген.

«Полицейлер жедел-іздестіру кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген 27 жастағы тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта бірнеше рет алаяқтық жасаған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тек бір зейнеткер оның ақшаны алысымен ауладан қашып шыққанынан күдіктеніп, жергілікті жердің полицейлеріне хабарласқан»

Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы

Хабар 24 телеарнасы