383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста жөндеу жұмыстары қай кезде аяқталады?

  • 634
  • UPD: 12:52, 03.07.2019

Арыстағы үйлер жөнделіп жатыр.

«17 секторда қызу жұмыс басталды». Бұл – «Егемен Қазақстанда» жарық көрген мақаланың тақырыбы. «Арнайы комиссия қаладағы барлық үйлердің 85 пайызы жөндеуді талап ететінін анықтады. Осылайша 752 жұмысшының қатысуымен 80-нен астам құрылыс компаниясы шілденің шіліңгір ыстығына қарамай жұмысты бастап кетті. Құрылыстың басы-қасында облыс әкімінің өзі жүр», – дейді автор.

«Халықтың мұң-мұқтажын жедел шешуіміз керек», – деп сөз бастаған Өмірзақ Естайұлы қысқа мерзімде қаланы қалпына келтіру, тұрғындарға жағдай жасау бағытындағы барлық мəселені талқылады. Əрі осы жауапты міндетті отаншылдықпен, жанашырлықпен атқару керектігін айтты».

Əрбір сектордың жұмысын өңір əкімдерінің жəне аудан, қала əкімдерінің орынбасарлары жəне Арыс қаласынан бір жауапты өкіл, жалпы саны 51 адам үйлестіреді. Жеке-жеке штаб құрып, үйлердің құрылысы, гуманитарлық көмек тарату, қауіпсіздікті сақтау, қаланы тазарту, тұрғындарды ақпараттандыру жəне өзге де мəселелер бойынша күн сайын мəлімет беріп отырады.

Авторы: Қорған Төреқожа

Хабар 24 телеарнасы