389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Ирактағы жетімдер үйінен 14 қазақстандық баланы елге қайтармақ

  • 214
  • UPD: 14:13, 09.10.2019

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ирактағы жетімдер үйінінен 14 қазақстандық баланы елге қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың үлкені 10-да, ал ең кішісі 2 жаста ғана. Бұл туралы елордада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Ауғанстан бойынша жиынында айтылды. Ведмство өкілдерінің айтуынша, Ирак билігі балаларды беруге дайын. Сонымен қатар балалардың аналары сол жақта террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Ирак тарапымен осы 6 әйелді де елге әкелу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Жусан» операциясының 4-кезеңінде 600 қазақстандық, оның ішінде 400 бала Қазақстанға жеткізілген болатын.

Станислав Василенко, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:

- Қазақстан осындай гуманитарлық акцияларды жүргізіп жатқан әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. Ал, Ауғанстандағы саяси жағдай мен экономиканы тұрақтандыруға көмек көрсетуге әлем болып жұмылу қажет. Біздің тарап та бұл жағынан нақты қадамдар жасап жатыр. Бүгінгі шараға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 25 елшісі келіп, өз ой-пікірімен бөлісіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы