374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 400-ден астам түлек білім депозиті арқылы оқып жатыр

  • 243
  • UPD: 17:59, 30.07.2018

Қазақстандықтар баланың болашақ біліміне қаржы жинағаннан гөрі несиеге жаңа тоңазытқыш алғанды жөн көреді.

Сондықтан білім беру жинақтау жүйесіне қызығушылық аса үлкен емес. «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері бүгін тілшілермен кездесіп, жүйені ілгерілету бойынша жоспарларымен бөлісті. Дегенмен болашағын бүгін ойлайтын азаматтар жоқ емес. Осы уақытқа дейін 20 мың депозит ашылып, 20 млрд теңге жинақталған. Осының есебінен елімізде 400-ден астам түлек білім депозиті арқылы жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болды. Аталған жинақтардың артықшылығы, салымдарға 5 және 7 пайыз мемлекеттік сыйақы төленеді. Одан бөлек банктің жылдық сыйақылары бар. «Осылайша бала мектеп бітірген кезде қомақты сома жиналады», – дейді мамандар. Ал салымдарға мемлекет кепіл болады.

Алпамыс Сатыбалдин, «Қаржы орталығы» АҚ департамент менеджері:

- Мысалға келтіретін болсақ, 2 сынып оқитын балаға, айына 8 мың теңгеден жинақтағанның өзінде, ол 18 жасқа толғанша ата-анасы оған 1 млн-дай қаражат жинайды, оның үстіне үкімет пен банк 2 млн-ға жуық қаражат қосып береді. Яғни жалпы сомма 3 млн-дан асады. Егер ол бала болашақта грантқа ие болса, сол жинақталған жалпы сомманы шешіп, кез келген мақсатта қолдана алады.

Осы категория бойынша: « Отандық ғалымдар өсімдіктің гербицидке қарсы тұру қабілетін арттырды Петропавлда қос мектептің құрылысы қарқын алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы