371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда келер жылы қос мектеп қолданысқа беріледі

  • 147
  • UPD: 11:43, 18.11.2018

Петропавлда үш мыңнан астам оқушыға орын жетіспейді. Сондықтан шаһардағы 36 мектептің үшеуі бүгінгі күні үш ауысымда жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ қалада 15 аралас мектеп бар. Дегенмен де қалалық білім бөлімінің мамандары аталған мәселе уақытша екендігін айтуда. Өйткені келер жылы 1500 балаға арналған екі бірдей білім ошағы халық игілігіне тапсырылады. Олар қазақ тіліндегі мектептер. Қазір құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жалпы айта кету қажет соңғы үш жылда елімізде 347 мектеп жаңадан тұрғызылған екен. Олардың 108-і «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бой көтерген.

Айнагүл Сұрағанова,  қалалық білім бөлімінің басшысы:

- «Жасөркен» ауданында 900 орындық болса, екіншісі «Береке» ықшам ауданында 600 орындық мектеп ашылады. Бұл жаңа мектептердің салынуы келер жылы ашылады деп жоспарлап отырмыз. Сондықтан үш ауысымдық мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Мұнымен қоса үшінші мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Бүгінгі күні экспертиза жүргізіліп жатыр.

Осы категория бойынша: « Корея қазақстандық студенттерге қосымша гранттар бөледі Жамбыл облысында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі енгізілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы