377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

  • 911
  • UPD: 19:14, 29.11.2018
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды BNews.kz

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 71 үміткерге стипендия тағайындалды.

Білім қуған бұл жастар магистратура мен докторантурада оқуға, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Бұл туралы бүгін шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында Мемлекеттік хатшы мәлімдеді. Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, «Болашақ» стипендиясы – Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттарды, кең ауқымды жаңа жобаларды жүзеге асырудың бірегей тетігі. Жалпы 2019 жылға 555 стипендия бекітілген. Сондай-ақ комиссия шешімімен басым мамандықтардың тізбесі анықталды. Құжатта 155 мамандық қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы