429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қашықтан оқуда отандық платформа қолданылатын болады

  • 316
  • UPD: 13:24, 26.08.2020
Қашықтан оқуда отандық платформа қолданылатын болады

Қашықтан оқытуда отандық білім беру платформасы қолданылады. «Онлайн Мектеп» жобасын өзіміздің айти-мамандар жасап шықты.

Биылғы оқу жылының төртінші тоқсанында елдегі біраз мектеп осы платформамен жұмыс істеді. Қыркүйек айынан бастап, республика бойынша 3000 мектеп қолданбақ. Мектептер жобаны жасаған компаниямен келісім-шартқа отырған. Енді оқушыларға логин мен пароль беріледі. Сол арқылы «bilimland» сайтына кіріп, «онлайн-мектеп» платформасымен сабақ оқиды. Онда 1-11 сыныпқа дейінге барлық пән енгізілген. 5700 сабақ және 100 мыңнан аса интерактивті жаттығу онлайн форматта жүргізіледі. Білім беру бағдарламасы бойынша әдістемелерді  Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері жасаған.

Қанат Мырзаханов, компанияның маркетинг департаментінің директоры:

- «Онлайн мектеп» платформасы барлық құрылғыларға бейімделген. Яғни смартфон, планшет, ноутбук, компьютер, кез келген құрылғыдан кірсе болады. Бірінші қыркүйектен бастап андройд құрылғыларында қосымша пайда болады. Үлкен қалаларда интернеті дұрыс, жылдамдығы, техникалық жағдайы дұрыс Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Түркістан облысы бізге қосылып жатыр. Барлық облыстар бізге қосылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы