425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жастарға арналған онлайн білім беру жобасы жүзеге асады

  • 109
Жастарға арналған онлайн білім беру жобасы жүзеге асады

Тұлғалық даму, азаматтық белсенділік, кәсіпкерлік және ақпараттық технология салалары бойынша жастар енді онлайн режимде білім ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасы жүзеге асырыла бастады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті мен «Қазақстан жастары конгресінің» бастамасы 9 қарашадан бастап бір айға жалғасады.

Осы уақыт ішінде арнайы тіркеуден өткен тәлімгерлер біліктілігін жетілдірмек. Оларға әр салада жетістікке жеткен 25 коуч-тренер сабақ береді. Жастарды мазалаған сұрақтар ашық пікір алмасу алаңында талқыланатын болады.

Шахмардан Байманов, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:

– Бұл онлайн шарада білім дағдыларын дамыту үшін видео министрліктің сайтында жазылады. Бір айға созылған жоба аясында барлық ақпарат әлеуметтік желіге жүктеледі. Үйренушілер оқыту бағдарламасын кейін де көре алады. Осы сәтті пайдалана отырып онлайн білім алаңына қатысуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы