447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кеңсені вирустан қалай тазарту керек – эколог кеңесі

  • 252
  • UPD: 11:27, 04.03.2020
Кеңсені вирустан қалай тазарту керек – эколог кеңесі

Ауа ылғалдандырғыш пен желдеткіш арқылы вирустардан қорғанудың қажеті жоқ.

Бұл туралы Ресейдің экологиялық лаборотория директоры Антон Ястребцев айтты, деп хабарлады life.ru.

«Желдеткіш кеңседегі микроорганизмдер мен вирустарды жоюға әсер етпейді. Керісінше, жағдайды нашарлатуы мүмкін. Ультракүлгін лампалары бар ауа тазартқышты немесе бактерицидті лампалары бар ауа рециркуляторын қолдануды ұсынамын», - деді сарапшы.

Дегенмен, мұндай құрылғыларды орнатуды арнайы мамандар жүргізуі керек.

Маманның айтуынша, кеңседе ауаны ғана емес, есіктердің тұтқаларын, ыдыс-аяқтарды және компьютер пернетақталарын жиі тазартып отыру керек.

«Кеңселерді тазалаған кезде есік тұтқаларына, үстел үсті мен пернетақталарға ерекше назар аудару керек. Сондай-ақ кеңседе басқа адамдардың ыдыстарын пайдаланбаған жөн. Қолды жиі жуу керек», - деп қорытындылады эколог.

Хабар 24 телеарнасы