435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: көліктер мен жүргізушілер қалай қорғана алады

  • 182
  • UPD: 16:32, 20.03.2020
Коронавирус: көліктер мен жүргізушілер қалай қорғана алады kolesa.kz

Коронавирус пандемиясының таралуына байланысты көлік жүргізушілері сақтық шарасы ретінде бірнеше кеңесті ескергені жөн, деп хабарлады Kolesa.kz.

Қолды үнемі залалсыздандыру

Эпидемия кезіндегі қарапайым қорғаныс шаралары – медициналық маскалар кию мен қолды мұқият жуу. Сонымен қатар арнайы антисептиктерді үнемі қолданған жөн. Дегемен қазіргі уақытта мұндай тазалық құралдары көптеген дәріханалар мен дүкендерден таптырмайды. Ондай кезде медициналық қорғаныс құралын үй жағдайында да дайындауға болады.

Оны дайындау үшін 50 мл медициналық спирт (60-90 пайыздық), 30 мл глицерин және бес-алты тамшы эфир майы қажет. Аталған барлық ингредиенттерді араластырып, сұйықтықты таза ыдысқа құйыңыз. Дайын болған қоспамен қолды үнемі залалсыздандырып отыруға болады. Сонымен бірге құрамындағы спирт вирус пен микробтарды өлтіреді, глицерин теріні құрғап кетуден қорғайды, ал эфир майы жағымды иіс қосады.

Көлікті жиі жуу

Дәрігерлердің айтуынша, COVID-19 вирусы пластик және металл заттарда ол үш күнге дейін, жұмсақ жерлерде шамамен бір күн өмір сүреді.

Көлік жуу орындарының қызметі тоқтатылған жоқ. Сондықтан күніне бір рет көлікті жуып тұрған жөн.

Көлік салонын дезинфекциялау

Қауіпсіздіктің маңызды қадамы – автокөлік салонын дезинфекциялау. Көліктің ішін әрбір жолаушы тасымалынан кейін немесе күніне кем дегенде бір рет залалсыздандырып тұрған жөн. Алкилдиметилбензиламмоний хлориді және дидецилдиметиламмоний хлориді бар сұйықтықтар вирустарды бактериялармен қоса жояды және көліктің ішкі жабдықтарын зақымдамайды. Өндірушілердің айтуынша, олар туберкулез микобактериярын, гепатит, ВИЧ, полиомиелит, тұмаудың вирустарын және түрі вирустық саңырауқұлақтарын жояды.

Жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілер дезинфекция жұмыстарын жиі жасап тұрғаны жөн. Әсіресе жабдықтар панеліне, рөлге, әйнектерге, орындықтар мен есіктерге ерекше мән беріп, залалсыздандыру керек.

Салонды тазалау кезінде арнайы дезинфекциялық құралдар болмаса, спирт, ацетон, керосин және т.б. сияқты еріткіштерді қолданбаған жөн. Олар вирусты жоюға көмектеспейді, керісінше көліктің ішкі бөліктері мен қаптамаларын зақымдауы мүмкін.

Көліктің салоны былғарыдан болса, залалсыздандыру кезінде арнайы былғары кондиционерлерін қолдануға болады.

Ең бастысы эпидемия кезінде қауіпсіздікті сақтай отырып, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына жауапты екеніңізді ұмытпаған жөн.

Мамандар үйді қауіпті вирустан қалай қорғау керек екенін айтты

Ұялы телефондарды дезинфекциялап тұрған жөн

Қолма-қол ақша коронавирус тасымалдауы мүмкін – мамандар

Кеңсені вирустан қалай тазарту керек – эколог кеңесі

Хабар 24 телеарнасы