426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің солтүстігінде үсік жүреді

  • 327
  • UPD: 15:37, 22.04.2020
Еліміздің солтүстігінде үсік жүреді 365info.kz

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райы күрт бұзылатындығын ескертеді.

Қостанай облысы

23 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 23 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

23-24 сәуірде Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында 3 градус үсік күтіледі.

24 сәуірде Ақтөбе облысы, 24-25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

23-24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз бұршақ жауады. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Түнде солтүстік-батыста 3 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысы

23 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 23 сәуірде найзағай күтіледі.

Ақмола облысы

23 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде найғазай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 23 сәуірде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейді.

Қызылорда облысы

22 сәуірде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы