425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британдық сөздік жыл сөзін атады

  • 95
  • UPD: 14:48, 10.11.2020
Британдық сөздік жыл сөзін атады

Беделді британдық Collins сөздігі «локдаун» сөзін жыл сөзі ретінде жариялады.

Сарапшылар жыл сөзі ретінде дәл осы сөзді таңдаған, өйткені коронавирусқа байланысты бұл тәжірибе «бүкіл әлем бойынша миллиардтаған адамды біріктірді». Лексикографтар 2020 жылы «локдаун» сөзінің 250 мыңнан астам қолданылғанын анықтады, өткен жылы бұл көрсеткіш төрт мың болған.

«Локдаун – COVID-19-дың таралуын азайту үшін бүкіл әлем елдерінің билігі қабылдаған шектеу шаралары. Collins бұл сөзді 2020 жылдың сөзі ретінде жариялады», - делінген сөздік сайтындағы хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы