424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің сегіз аймағында дауыл соғады

  • 112
Еліміздің сегіз аймағында дауыл соғады

Еліміздің сегіз аймағында күн бұзылып, дауыл соғады деп хабарлайды Қазгидромет.

Қостанай облысында жел тұрып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстанда қар жауады. Желдің ұйытқуы секундына 20 метрді құрайды. Ақмола және Қарағанды облыстарында аздап жел соғады. Еліміздің шығыс бөлігінде кейбір жолдар жабық деп хабарланды. Мысалы, Өскемен – Алтай – Рахман қайнары бағытында әзірше көлік қозғалысына рұқсат жоқ. Түркістан, Қызылорда облыстарында жел соғады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы