387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Ел экономикасы 4,2 пайызға жоғарылады

  • 516
  • UPD: 13:00, 02.08.2017

Ел экономикасындағы қарқынды өсім сақталады. Отандық сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Өйткені былтырғы жартыжылдық кезеңмен салыстырғанда биыл экономикамыздың көрсеткіші 4,2 пайызға жоғарылаған.

Ал оған негізгі себеп – тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың өсуі. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің артқаны тағы бар. Құрылыс саласы мен ауыл шаруашылығындағы жағдай да көңіл көншітерлік. «Ал «Нұрлы жол» мен индустриялды-инновациялық даму сияқты мемлекеттік бағдарламалар осы қарқынды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.

Шахарбану Жақыпова, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Негізгі капиталға тартылған инвестиция жайында айтар болсақ, ол ағымдағы жылдың бес айында 5,2%-ға өсті. Сонымен қатар инфляцияның төмендеуі де маңызды макроэкономикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл – халықтың кірісі өскендігінің және сауда көлемі артқандығының айқын көрінісі. 

Хабар 24 телеарнасы