369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысының әкімдігі мұнай экспортын арттыруды ұсынды

  • 161
  • UPD: 15:28, 09.08.2018

Себебі өңірде соңғы 5 жылда өндіріс көлемі 3,7 миллион тоннаға дейін төмендеп кеткен.

Аймақ мұнайшылары ағымдағы жылы 6 миллион тоннадам астам көмір-сутек шикізатын игеруді жоспарлап отыр. Бұл өткен жылғы көлемнен 600 мың тоннаға аз. Қалыптасқан жағдай аймақ қоржынына түсетін бюджеттік төлемдер мен салық салымдарының көрсеткішіне әсер ететіні анық. Сырбойылық компаниялар биылғы жылдың 6 айында өндірілген мұнайдың 30 пайызын ғана шетелге саудалаған. Осы ретте аймақ басшылығы сыртқы және ішкі нарыққа сатылатын көлемді теңдей 50 де 50 деңгейіне жеткізу бойынша ел Үкіметіне ұсыныс тастап отыр.

Жанар Берденова, облыстық ИИД басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Облыс әкімдігі тарапынан ҚР Үкіметіне экспортқа шығарылатын мұнайдың көлемін 50% төмен емес болу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жолданды. Бұл ұсыныс қазір енді қарастырылуда. Ұсыныс қолдау тапқан жағдайда мұнай компанияларында инвестсалым ұлғаяды. Соның нәтижесінде компаниялар артық қаражатын жаңа кеніштерді игеруге, барлау жұмыстарын жүргізуге, жаңа технология енгізуге жұмсаған болар еді.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында шығарылатын түйенің құрғақ сүтін суға езіп шұбат ішуге болады БҚО-да МЖӘ аясында 10 жоба іске асырылып жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы