366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент: Қолма-қол ақшасыз экономикаға көшуіміз керек

  • 137
  • UPD: 22:17, 06.10.2018

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында сыртқы саясатқа да тоқталып, іргедегі ең үлкен көршімізбен стратегиялық байланыстың жан-жақты дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасына тың серпін берді», – дейді Қытай қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты саяси ғылымдар институтының сарапшысы Сюй Хайян. «Біз қазақ елі туралы айтқанда, бірден Жібек жолы бойындағы інжу-маржан есімізге түседі. Шынында өзіне тән тиімді географиялық орналасуы оның «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асырудағы маңызды мемлекет екенін көрсетеді», – дейді Сюй ханым. Сонымен қатар Шыңжанмен қоңсы жатқандықтан, мәдени жағынан ұқсастық пен жақындық бар деп есептейді. Енді экономикалық тұрғыдан дамуды нығайту бірін-бірі толықтырып, өзара өркендеуге бастайды. Бұл тұрғыда Қытай қолма-қол ақшамен есеп айырысу, интернет экономика саласындағы тәжірибесімен бөлісе алады. Қазір шығыс көршіміз дүние жүзінде цифрлық экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарында. Алпауыт Tencent компаниясының жүргізген зерттеуі бойынша, халықтың 86 пайызы әмиянсыз жүруге дайын. Ал қазақ Президенті Жолдауында қолма-қол ақшасыз экономикаға көшу керектігін айтты.

Сюй Хайян, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы, саяси ғылымдар институтының сарапшысы:

– Біз өндірістік экономикадан цифрлық һәм интернет экономикаға көштік. Бұл салада көптеген инновация жетерлік. Мәселен, қазір Қытай қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда әлемде алдыңғы қатарда. Телефон қосымшасымен төлеу, онлайн сауда халыққа өте ыңғайлы. Қазақстанның да осы салаға мән бере бастағанын байқап отырмыз. Экономиканы дамыту уақыт талабына сай өзгеріп отыруы керек.

Хабар 24 телеарнасы