360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алакөлге қай елдің азаматтары жиі саяхаттайды?

  • 138
  • UPD: 15:04, 14.10.2018
Алакөлге қай елдің азаматтары жиі саяхаттайды?

Елімізге келетін шетелдік туристердің дені – көрші елдердің тұрғындары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, былтыр Алакөлге 500 мыңнан астам ресейлік азамат саяхаттап келген. Мәдениет және спорт министрлігі бұл санды әлі де арттыруға жұмыс істеп жатыр. Алдымен іргелес жатқан елдердің, кейін Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, Иран мен еуропалықтардың көшін көбейтуді көздеп отыр. Жалпы ел ішіндегі туризмді түлету үшін министрлік 2019-2023 жылдарға арналған тұтас бір мемлекеттік бағдарлама әзірлеуде. Соның аясында виза мәселесінен бастап, инфрақұрылымды, брендингті дамытып, салаға бизнесті тартуға дейінгі кешенді шараларды қолға алмақ.

Абай Қожамжаров, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мониторинг, талдау басқармасының басшысы:

– Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеп жатырмыз. Олар күші жеткенше, туризм саласын дамытуға тырысуда.

Хабар 24 телеарнасы