378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Оңтүстік Корея геология саласында бірлескен жобаны жүзеге асырмақ

  • 335
  • UPD: 23:46, 29.01.2019

Қазақстан мен Оңтүстік Корея геологиялық-барлау жұмыстарының шығынын 30 процентке азайтуды көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы жобаның қыр-сырын талқылау үшін осы елге халықаралық инновациялық-өндірістік консорциумның делегациясы барды. Бірлестікке ірі тау-кен, металлургиялық компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері кіреді. Жобаны іске асыруға грантты Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі бөлген. Сарапшылардың пікірінше, тың жоба геологиялық-барлау жұмыстарының шығынын азайтып қана қоймай, геологиялық һәм геофизикалық мәліметтердің сапасын арттырып, жұмыс жүргізу мерзімін азайтады. Оңтүстік Кореяның геология және пайдалы қазбалар институты мыңнан аса патентке ие. Олардың кейбіреуі бірлескен жоба аясында Қазақстанның тау-кен саласында қолданылмақ. 

Бақтияр Қырықпышев, мыс өндіруші корпорацияның басқарушы кеңесінің бас директоры:

- Бізде алтын құрамында мышьяктің үлесі тым көп. Бұл металлургиялық байытудың технологиялық процесін жүргізуге кедергі келтіріп тұр. Оларда осы мышьякты шығарып алатын, яғни осы заттық қоспа болмайтын алтын алуға мүмкіндік беретін технология бар екенін білемін.

Хабар 24 телеарнасы