389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Беларусь өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды

  • 383
  • UPD: 09:58, 10.04.2019
Алматыда Беларусь өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды

Еуразия экономикалық одағы аясында ұйымдастырылып келе жатқан осындай көрмелердің нәтижесінде 2018 жылдың өзінде екі ал арасындағы тауар айналымы 896 млн АҚШ долларына жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 30% артық. Көрмеде Беларусьтің 50-ден астам алдыңғы қатарлы компаниясы ауылшаруашылық техникалары мен машина жасау, тұрмыстық техника және азық-түлік өнімдерін таныстырды. Аталған өнімдер қазақстандық тұтынушыларға кеңінен танымал. Сондай-ақ көрмеде зергерлік бұйымдар мен медициналық қызметтер де бар.

Айта кету керек, Қазақстан тарапы Беларусь еліне мұнай, көмір және газ өнімдерін экспорттайды. Сондай-ақ екі ел арасында 8 ортақ жоба жүзеге асырылуда.

Мұхтархан Бияров, қалалық сауда және инвестиция палатасының бас директоры:

- Бүгінгі күні Беларусьтің біраз өнім өндірушілері Қазақстанда ортақ өнеркәсіп құрып, содан кейін жинау орталықтарын ашты. Оның ішінде негізінен ауылшаруашылық техникалары, тракторлар, комбайндар, басқа да біздің ауылшарушалыққа қажетті машина, техникалар жиналып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы