389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2018 жылы Қазақстан мен ҚХР арасында тауар айналымы 900 тоннаға жеткен

  • 352
  • UPD: 09:16, 25.04.2019
2018 жылы Қазақстан мен ҚХР арасында тауар айналымы 900 тоннаға жеткен

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тауар айналымы жылдан-жылға артып келеді.

Былтыр қос мемлекеттің өзара алыс-берісі 900 тоннаға жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 67 пайызға көп. Өнімнің қаржыға шаққандағы көлемі – 1 млрд 453 мың доллар. Жүк тасымалының артуына көршілес елдердің қабылдаған кешенді шаралары ықпал етіп отыр. Мәселен, Қазақстан тарапы «Алтынкөл» станциясын іске қосып, артынша «Нұр жолы» бекетін ашты. Нәтижесінде теміржол қатынасы жақсарып, жүк көліктерінің өтуі жылдамдатылды. Бұл өз кезегінде биылғы көрсеткіштерге де оң әсерін берген.

Ғабит Оразов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасы басшысының м.а.:

- Ағымдағы жылдың бірінші тоқсаныны бойынша сыртқы тауар айналымы 281 миллионнан астам АҚШ долларын құрап отыр. 2018  жылы 105 млн құраған болатын. Сонымен қатар тауардың нақты салмағы бойынша 2018 жылдың бірінші тоқсанында 36 пайызға жоғарылап отыр.

Хабар 24 телеарнасы