386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан зығыр өндіруден көш бастап тұр

  • 124
Қазақстан зығыр өндіруден көш бастап тұр Fitnessera.ru

Қазақстан зығыр өндіруден Ресей мен Канаданы басып озып, әлемде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін еліміз зығырды 72 миллион долларға саудалаған болатын. Еуроодақ елдері арасында ең көп мөлшерде, яғни 44 миллион доллардан астам қаржыға Бельгия мен Польша сатып алған. Ал Еуроодақ елдері арасында органикалық зығыр экспортының жартысынан көбі Германия үлесіне келіп тұр. Сондай-ақ Қазақстан ауыл шаруашылық дақылдарының тағы 15 түрін осы Германиядан бөлек Нидерланд, Италияға сатып келеді. Олардың арасында жасымық, бұршақ, күнбағыс, қарақұмық, сұлы мен соя бар.

Пэр Бродерзен, Германия агробизнес қауымдастығының директоры:

– Қазақстанның ауылшаруашылық саласында әлеуеті зор. Оңтүстігінде мал, ал солтүстігі мен орталығында дәнді дақылдар өсіруге жақсы жағдайы бар. Қазір Германияда экологиялық өнімдерге сұраныс жоғары, бұл нарық қарқынды дамып келе жатыр. Қазақстан осы салада өз өнімдерін, атап айтқанда зығыр майы мен тұқымдарын белсенді сатып келеді. Дегенмен Қазақстан бұдан да едәіур көп өнім ұсына алады деп санаймын. Германия осы салада ынтымақтасып еңбек етуге дайын.

Хабар 24 телеарнасы