377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тірі малдың жаппай шет елдерге сатылуы елде ет өнімдерінің қымбаттауына әсер еткен

  • 184
  • UPD: 13:43, 20.01.2020

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортын тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі тірі малдың жаппай шет елдерге сатылуы бізде ет өнімдерінің қымбаттауына әсер етіп, өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының жүктемесін төмендетті. Былтыр Қазақстаннан шет елдерге 156 мың бас ірі қара шығарылған. Оның 78 проценті Өзбекстанға, 14 проценті Арменияға жіберіліпті. Сонымен қатар елден 264 мың бас қой экспортталды. Оның жартысынан астамы – аналық. Уақ малдың басым бөлігі, яғни 200 мыңнан астамы Өзбекстанға, 21 жарым мыңы Ресейге, 18 мыңы Әзербайжанға, шамамен 12 мыңы Иранға тасымалданған. Салдарынан былтыр елдегі ет өңдеу кәсіпорындары толық қуаттылықта жұмыс істей алмады. Себебі мал тапшы.

Серік Рахымбаев, кәсіпкер:

– Кем дегенде 20-30 проценті – аналық мал. Малды өзіміз жинай алмай жатқанда, шетке тірі мал сату меніңше дұрыс емес. Себебі қазіргі таңда Қазақстанда өзіміз малдың санын көбейтуіміз керек. Ет нарығында өкінішке орай 180 мың тонна етті шеттен сатып аламыз.

Хабар 24 телеарнасы