421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің банк жүйесі тұрақты

  • 499
Еліміздің банк жүйесі тұрақты

Еліміздегі екінші деңгейлі банктерді тексеру жұмысы аяқталды. Зерттеу өткен жылдың тамызында басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрамына аудиторлық және консалтингтік компаниялардың, Ұлттық банктің қызметкерлері және тәуелсіз сарапшылар тартылған топ 14 банктің жұмысын саралап шықты. Зерттеуге қатысқандар «салымшылар мен инвесторлар үшін ешқандай қауіп жоқ» деген қорытынды шығарып отыр. Капитал тапшылығы да байқалмайды. Тексеру жүргізілен бұл 14 банкке жалпы активтердің 87%-і және несие портфелінің 90%-і тиесілі.

Есжан Біртанов, ҚР ҰБ төрағасының орынбасары:

Бұл сараптама жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша біздің банк жүйесі тұрақтылығын тағы да бір рет бізге дәлелдеп отыр. Қазақстан банктерінің жұмысына тексеру жүргізілді. Ол болашақта банкілердің жұмысын жақсартуға және салымшыларға берілетін қызметтердің сапасын ұлғайтуға және де банктердің өздерінің бәсекелестікке шыдамдылығын ұлғайтуға көмек береді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы