388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда мұнай терминалдары үшін шайқас жүріп жатыр

  • 389
  • UPD: 16:28, 15.03.2017

Ливияда содырлар басып алған мұнай нысандары үшін шайқас жүріп жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша, үкімет әскері Рас-Лануф және Эс-Сидр қалаларын содырлардан азат еткен. Жауынгерлер қазір өңірдегі тағы бір шаһарды өз бақылауларына алуға күш салуда.

Айта кеткен жөн, наурыздың басында «Бенгазидің қорғаныс бригадалары» атты топ Ливияның шығысындағы мұнай терминалдарын басып алған болатын. Оған мыңға жуық содыр қатысқан. Нысандарға зақым келтірмеу үшін әскерилерге кері шегінуге тура келді. Жалпы, 2011 жылы Ливия көсемі Муаммар Каддафи тақтан тайдырылғаннан кейін орталық билік құрылған жоқ. Оған мүмкіндік те болмады. Қазір ел астанасы Триполиді Біріккен Ұлттар Ұйымы заңды билік деп таныған ұлттық бірлік үкіметі бақылап отыр. Ал, мемлекеттің шығысында Ливия ұлттық әскерінің ықпалы жүріп тұр.

Хабар 24 телеарнасы