389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польша халқы сот жүйесіндегі реформаға наразы

  • 614
  • UPD: 11:21, 21.07.2017

Польша халқы елдің сот жүйесіне енгізілмек болған өзгерістерге наразы.

Реформаға қарсы жұртшылық Варшавадағы парламент алдына жиналды. Бұған дейін жаңашылдықты Еуроодақ басшылары да сынға алған еді. Биліктегі партия ұсынған бастама Ұлттық сот кеңесінің барлық судьяларын отставкаға жіберіп, парламенттің мақұлдауымен жаңа қазылар тағайындауды көздейді. Оған қоса, Әділет министрінің құзіретін арттырады. Яғни министрлік өз еркімен Жоғарғы сот мүшелерін қызметінен босата алады.

Наразы топ өкілдерінің айтуынша, реформа елдегі бостандыққа шектеу қояды. Өйткені сот жүйесі атқарушы биліктің айтқанынан шыға алмай қалуы мүмкін. Осыған байланысты Еурокомиссия егер заң жобасы қабылданса, Польшаға санкция жариялайтынын мәлімдеді. Яғни ресми Варшава Еуроодақ кеңесіндегі дауысынан айырылады. Ал Польша билігі айтқанынан қайтар емес. Олар: «Елге санкция жарияланса, Еуропалық сотқа жүгінеміз», – деп отыр.

Эльжбета Радзиевска, Польшаның оппозициялық партия мүшесі:

- Заң жобасында Польшаның болашағына, бостандығына кері әсер ететін тұстар көп. Оны көз жұмып, мақұлдай салмаймыз. Тіпті біздің пікірімізбен санасып жатқан ешкім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы