389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қайық апатынан көз жұмған рохинджа босқындарының саны 23 адамға жетті

  • 561
  • UPD: 19:53, 10.10.2017

Бангладеш жағалауындағы қайық апатынан көз жұмған рохинджа босқындарының саны артып, 23 адамға жетті.

Сорақысы сол, марқұмдардың жартысынан астамы бала. Қайғылы оқиға 2 күн бұрын болған. Мьянмадан шыққан босқындар қайықпен көрші Бангладешке жетуді көздеген. Алайда күшті жел су көлігін аударып тастады. 

Айта кеткен жөн, тамыздың аяғында рохинджа ұлтынан құрылған қарулы топ Мьянмадағы полиция бекеттеріне шабуыл жасап, өңірдегі жағдай ушыққан. Сөйтіп қарапайым рохинджалар Бангладешке бас сауғалай бастады. Шамамен 2 айда көрші ел аумағына табан тіреген босқындар саны 800 мыңнан асып кетті.     

Хабар 24 телеарнасы