389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулда министрлер үйіне шабуыл жасалды

  • 471
  • UPD: 13:38, 25.12.2018
Кабулда министрлер үйіне шабуыл жасалды

Үкіметтік кешенге жасалған содырлардың шабуылы салдарынан 28 адам көз жұмды, деп хабарлайды  «Хабар 24».

Оның басым бөлігі мемлекеттік қызметкерлер. Тағы 20-дан астам адам жарақаттанды. Кеше Кабулдың16-шы округіндегі министрлер үйінің маңында автокөлік жарылды. Содан соң қаруланған топ ведомствоға басып кіріп, мүгедектермен жұмыс істейтін басқарма қызметкерлерін кепілдікке алған. 350 адамды құтқару жұмыстары жеті сағатқа созылды. Шабуылшы үш содырдың көзі жойылды. Лаңкестік әрекетті әлі ешқандай ұйым мойнына алмады. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы