422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда 100 метрлік туннельге түсіп кеткен нәрестенің денесі шығарылды

  • 1006
  • UPD: 14:27, 26.01.2019
Испанияда 100 метрлік туннельге түсіп кеткен нәрестенің денесі шығарылды

Испанияда құтқарушылар 100 метрлік тар құбырға түсіп кеткен баланың өлі денесін алып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, мамандар 2 жастағы нәрестені ажалдан құтқарып қала алмады. Еске сала кетейік, 13 қаңтар Хуленнің әке-шешесі достарымен Малага қаласының маңына демалуға шығып, бала байқаусызда диаметрі 25 сантиметр болатын құдыққа түсіп кетеді. Оқиға орнына жеткен мамандар дереу құтқару операциясын бастайды. Балаға жету үшін үңгірлер қазылды. Алайда жер қыртысы біраз қиындық туғызады. Операция 12 күнге созылды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәліметке қарағанда, құдықты қазған кісі оны қоршап, аузын жауып тастау керек болған. Бірақ ол оны ұмытып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы