379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қарлы боран кесірінен жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді

  • 114
АҚШ-та қарлы боран кесірінен жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді

АҚШ-тың солтүстік батысында қарлы боран ойран салды.

Табиғаттың тосын мінезінен аймақта көлік қозғалысы тежелді. Жол апаттары жиілегеннен кейін ірі тасжолдар жабылды. Әуежайларда жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді. Мыңдаған адам жарықсыз қалды. Мамандар желдің екпіні сағатына 80 шақырымды құрайтынын айтады. Елдің 6 штатында қауіптілік деңгейі жарияланды. Осыған орай өңірде мектептер мен мемлекеттік мекемелер уақытша жұмысын тоқтатты. Құтқарушылар болса сақадай сай отыр.

Хабар 24 телеарнасы