384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перудің бұрынғы президенті өзіне қол жұмсады

  • 233
Перудің бұрынғы президенті өзіне қол жұмсады ATR

Перудің экс-президенті Алан Гарсия атылып қалды.

Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша айыпталған саясаткер сот шешімі бойынша он күнге қамалу керек болатын. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, үйіне ордер әкелгендер енгенде Гарсия тапанша ұстап, өзіне қол жұмсаған, кейін ауруханада көз жұмды. Естеріңізге салайық, саясаткерге Одебрехт құрылыс компаниясына тиімді келісімшарт жасалуы үшін 100 мың доллар пара алды деген айып тағылды. Алайда ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Алан Гарсия 1985 жылдан 1990 жылға дейін және 2006 мен 2011 жылдар аралығында мемлекет басқарды.

Хабар 24 телеарнасы