378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда түрлі дерттің таралу қаупі артты

  • 74
  • UPD: 08:56, 11.05.2019
Ливияда түрлі дерттің таралу қаупі артты

Қақтығыс оты өршіп тұрған Ливияда холера сияқты адам өміріне аса қатерлі ауру түрлерінің таралу қаупі бар.

Бұл туралы Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының осы елдегі өкілі Сайед Джаффар Хуссейн хабарлады. Үйлерін мәжбүрлі түрде тастап кетіп жатқан тұрғындар ластанған ауыз суы мен бүлінген ауаның әсерінен гепатит, туберкулез ауруларын жұқтыруда. Ал ел астанасы Триполидің санитарлық ахуалы күн өткен сайын нашарлап барады.

Хабар 24 телеарнасы