386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеште безгек дерті өршіп тұр

  • 160
  • UPD: 14:59, 03.08.2019
Бангладеште безгек дерті өршіп тұр

Бангладеште безгек ауруы өршіп тұр. Жұқпалы дертке шалдыққандардың саны 15 мыңнан асқан.

Ал жыл басынан бері одан 14 тұрғын көз жұмды. Жергілікті ақпарат құралдары болса безгектен қайтқан тұрғындардың саны 40-тан асады деп жазуда. Бангладештің ауруларды бақылау жөніндегі институтының мәлімдеуінше, індет елдің 64 уездінің барлығында тіркелген. Қазір мемлекет қауіпті дертпен күресу үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Алайда жұқпалы дерттің таралуын бақылауға алу мүмкін болмай тұр. Айта кетейік, Оңтүстік Азияда жаңбырлы маусым кезінде денге дертінің таралуы қалыпты жағдай.

Хабар 24 телеарнасы