386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда британиялық турист өлі табылды

  • 92
Грекияда британиялық турист өлі табылды

Грекияға демалуға барған ұлыбританиялық турист өлі табылды.

Полиция мәліметіне сай 34 жастағы әйелдің денесі тереңдігі 20 метр болатын шатқалда жатқан. Бақилық болған азаматша Эгей теңізіндегі Икария аралында демалып жүрген кезде ізім-қайым жоғалып кетіпті. Саяхатшыны іздестіруге тәртіп сақшылары, жағалау күзеті мен еріктілер кіріскен. Әзірге турист әйелдің нақты неден көз жұмғаны анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша ол шыңға өрмелеу кезінде жарақат алып, көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы