387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Помпео: АҚШ президенті Түркиямен соғысуға дайын

  • 242
  • UPD: 16:09, 23.10.2019
М.Помпео: АҚШ президенті Түркиямен соғысуға дайын

Америка президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда Түркияға қарсы әскери іс-қимыл бастауға дайын,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. Алайда Сыртқы саясат ведомство басшысы Анкараның нақты қандай әрекеті бұған негіз бола алатынын айтпады. Бұған қоса, Майк Помпео Вашингтон қалай болғанда да шиеленіс орнына бейбітшілікті қалайтынын жеткізді.

Айта кетейік, жуырда Түркия күрд жасақтарына қарсы Сирияда әскери операция бастаған еді. Ресми Анкараның мәлімдемесіне сай, оның мақсаты – қауіпсіз аймақ орнату. Өткен аптада Анкара мен Вашингтон келіссөздер жүргізіп, Түркияның Сириядағы операциясын 120 сағатқа тоқтатуға келісті.

 

Хабар 24 телеарнасы