388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сьерра-Леоне сарбаздары жарақатынан йога көмегімен айығып жатыр

  • 75
Сьерра-Леоне сарбаздары жарақатынан йога көмегімен айығып жатыр

Сьерра-Леоне сарбаздары әскери іс-қимыл кезінде алған дене жарақаты мен психологиялық зақымнан айығу үшін йогамен айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол тіпті апталық бағдарлама кестесіне де енген. Сьерра-Леоне армиясында бұл жаттығу түрін алғаш рет 2014 жылы өткізіліпті. Оны сержант Феликсон Муса енгізген. Оның айтуынша, бастапқыда жауынгерлер жаттығуға атүсті қараған. Бірақ америкалық әскерилер оның пайдасын дәлелдеген соң міндетті бағдарлама қатарына қосылған. Енді бұл жаттығу келер жылдан бастап дәрігерлерге де міндеттелмек.

Хабар 24 телеарнасы