412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралиялық палуан Мюнхендегі 1500 тонналық әткеншекті айналдырды

  • 283
  • UPD: 21:28, 30.11.2019
Австралиялық палуан Мюнхендегі 1500 тонналық әткеншекті айналдырды

Австралиялық палуан Германияның Мюнхен қаласындағы алып әткеншекті бір өзі айналдырып талайдың таңдайын қақтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салмағы 1500 тонналық құрылғы әлемдегі ең ірі атракцион болып саналады. 27 кабинасы бар «Хай-Скай» әдетте тоқпен қозғалады. Австралиялық палуан Франц Мюльнер оны айналдыру үшін 400 келілік ауыр затты көтеріп дайындалған. Мюльнердің бұл еңбегі атаусыз қалған жоқ. Палуанның жетістігін Германияның рекордтар институты бекітті.

Хабар 24 телеарнасы