376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ тағы 7 елдің азаматтарына елге кіруге тыйым салуы мүмкін

  • 252
  • UPD: 15:30, 22.01.2020
АҚШ тағы 7 елдің азаматтарына елге кіруге тыйым салуы мүмкін

Дональд Трамп азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдердің тізімін кеңейтуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды.

«Қара тізімге» 7 ел, яғни Беларусь, Мьянма, Қырғызстан, Нигерия, Судан, Танзания және Эритрея кіруі мүмкін. Тізімнің әлі өзгертілуі ғажап емес. Соңғы әрі нақты нұсқасы 27 қаңтарда жария етілуі тиіс. Айта кеткен жөн, 2017 жылы Дональд Трамп тағы 7 мемлекеттің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салған болатын. Олар: Иран, Ливан, Сомали, Сирия, Йемен, Ирак пен Судан. Бірақ артынша 3 ел бұл тізімнен алынып тасталған.

Хабар 24 телеарнасы