427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 33 адамға дейін өсті

  • 705
  • UPD: 23:16, 20.03.2020
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 33 адамға дейін өсті

Өзбекстанда соңғы бір тәуліктің ішінде 10 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп, елде дертке шалдыққандар саны 33-ке жетті.

Жасын Біркенов, тілші:

Қауіпті індетті жұқтырғандардың саны Өзбекстанда 33 адамға жетіп отыр. Олар Париж, Лондон, Ыстамбұл, Дубайдан ұшып келген жолаушылар мен олардың туған-туыстары. Қазіргі уақытта 9 мыңнан астам азамат дәрігерлердің бақылауында жүр. Ал карантинде 2300 өзбекстандық жатыр. Коронавирусқа байланысты пайда болған дағдарысқа төтеп беру үшін Өзбекстан үкіметі бірқатар шараларды қолға алмақ. Ол туралы рет-ретімен баяндайын.

Сәуірдің бірінен бастап қазан айына дейін жеке кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық 50%-ке төмендейді. Фермерлердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлейтін міндетті төлемдері де осыншама көлемге қысқарады. Қонақ үйлерден туристік алымдар уақытша алынбайтын болды. Жыл соңынан дейін салықтық тексерістерге мораторий жарияланғаны және бар. Ал карантинге жатқызылған ата-аналарға орташа еңбекақы көлемінде жәрдемақы беріледі. Қауіпті індетпен күресіп жүрген медициналық қызметкерлердің жалақысын көбейту мәселесі де оң шешімін тапты. Вирусқа қатысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған кәсіпорындардың қызметкерлері де ай сайынғы еңбекақыдан қағылмайды. Ол үшін арнайы құрылған Дағдарысқа қарсы қордан қомақты қаржы бөлінеді. Бүгінде Өзбекстанда кинотеатрлар, түнгі клубтар мен барлар, массаж салондары, балаларға арналған ойын-сауық орындары жабық екенін де айтып кетейін.

Хабар 24 телеарнасы