412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем елдері дәрігерлерге қошемет көрсетті

  • 287
  • UPD: 09:09, 01.04.2020

Мысырдағы Гиза пирамидаларында түнде жарық инсталяциясы қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда халыққа үйде отыру жайлы тағы да еске салатын және коронавируспен күресте өмірін қауіпке тігетін дәрігерлерге қолдау сөздері жазылған. Жалпы елде вирусты 650-ден аса адам жұқтырған. Солардың 41-і көз жұмған. Марқұмдар арасында бір дәрігер бар.   

Мұстафа Вазири, Египеттің ежелгі жәдігерлер қызметінің бас хатшысы:

– Біздің инсталяциямызда екі маңызды хабарлама жазылған. Біріншісі – халыққа жолдау. Онда біз үйден шықпай, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы айтсақ, екіншісінде медициналық қызметкерлерге алғысымызды білдірдік.

Америкалықтар да дәрігерлерге қошемет көрсетті. Осы ретте Нью-Йорктегі Empire State Building ғимараты жедел жәрдем түсіне боялған. Енді мұндай көріністі әр кеш бақылауға болады. Ал Дубайдағы Бурдж-Халифа қабырғаларында жұртты өзін-өзі оқшаулауға шақыратын үндеу сөздері пайда болды. Мұнда «Үйде болыңыз!» деген жазу бірнеше тілде көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы