429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда дауылдан үш адам көз жұмды

  • 168
  • UPD: 11:09, 28.08.2020
Австралияда дауылдан үш адам көз жұмды iz.ru

Үш адам, оның ішінде 4 жасар бала бар, Виктория штатында соққан қатты дауылдың құрбаны болды. Бұл туралы 7news телеарнасы хабарлады.

59 жастағы ер адам мен 36 жастағы әйел отырған көлікке ағаш құлап, олар сол жерде тіл тартпай кетті. Оңтүстік Блэкберн тұрғыны, 4 жасар бала әкесімен серуендеп жүргенде үстіне ағаш құлап, жараланды. Алайда ауыр жағдайда ауруханаға түскен бүлдіршінді ақ халаттылар аман алып қала алмады.

Бұдан бөлек, 100 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. Мамандардың болжамынша, штатта 30 тамыз күні де жел күшті болады.

 

iz.ru

Хабар 24 телеарнасы