424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда вирус жұқтырған дәрігер көп

  • 89
  • UPD: 08:51, 10.09.2020
Индонезияда вирус жұқтырған дәрігер көп

Индонезияда соңғы уақытта дәрігерлердің коронавирус жұқтыруы күрт өсіп, мамандар дабыл қаға бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерттен 100-ден астам қызметкер көз жұмған. Сарапшылар: «Бұған ауруханалардағы қауіпсіздік талаптарының төмендігі және дертке қарсы тесттің аз жүргізілуі себеп», – дейді. Науқастар да кей кездері өздерінің дертке шалдыққанын жасырып, дәрігерлердің өміріне қауіп төндіреді екен. Ал Индонезияда індет таралғалы дертке 200 мыңнан астам адам шалдыққан. 8 мыңға жуық науқас қайтыс болды.

Хари Янто, жергілікті тұрғын:

- Елдегі коронавирус жағдайы қатты алаңдатады. Күн сайын көп адам вирус жұқтырып жатыр. Жаңалықтардан тәулігіне 3 мың адамға дейін індетке шалдыққанын естідім. Бұл – шынымен қорқынышты жағдай.

Хабар 24 телеарнасы