428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда алып аю өзінің жаттықтырушысына шабуыл жасады

  • 108
  • UPD: 17:45, 06.10.2020
Қытайда алып аю өзінің жаттықтырушысына шабуыл жасады

Қытайда алып аю қойылым кезінде цирк қызметкеріне шабуыл жасады.

Куәгерлер түсірген кадрларды Daily Mail басылымы жариялады.

Оқиға Қытайдың Пуян қалалық округінде болған. Кадрларда 200 килолық аю барибалдың жаттықтырушыға қалай шабуыл жасағаны көрінеді.

Цирктің басқа қызметкерлері жануарды таяқпен ұрып, қуып шығаруға тырысқан. Оқиға салдарынан ер адам аздап жарақат алды. Оның өміріне еш қауіп төнген жоқ.

Оқиғаның салдарына себеп болған жайт: жаттықтырушының оған залдан тасталған шұжықты жеуге тыйым салуы. Ашуға берілген аю жаттықтырушының өзіне шабуыл жасап, кегін қайтарғысы келген.  

Хабар 24 телеарнасы