Вьетнамда су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті.
Ал 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.
Вьетнамдық БАҚ хабарлауынша, көз жұмғандардың көпшілігі ең қатты зардап шеккен Куангчи, Тхыатхьен-Хюэ және Куангнам провинцияларының тұрғындары.
Вьетнам «Нангка» дауылының соғатыны туралы болжам жасалғаннан кейін әуежай мен жағжайларды жабу туралы шешім қабылдады.
Жалпы биыл Вьетнамда қуатты тайфун, жауын-шашын мен су тасқыны 98 адамның өмірін қиды, табиғи апаттар елге 217 млн АҚШ долларына жуық экономикалық шығын келтірді.