425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехия өнертапқыштарының жасаған жаңа құрылғысы тоқыма өндірісін толығымен өзгертуі мүмкін

  • 356
  • UPD: 09:24, 24.10.2020

Тек бір ғана жидеге бояу басу үшін екі жарым мың литр су кетеді екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ең шағын деген фабрика күніне бірнеше мың осындай жиде шығарады. Ал жаңа құрылғы бояу басқанда мүлдем су қолданбайды. Сондай-ақ ол электр қуатын үнемдеп, өнідірісте қолданылатын химикаттардың мөлшерін азайтады. 

Ақша судай кетіп жатыр деп осыны айтуға болады. Орта өлшемді бір көйлек немесе жидені бір түске бояу үшін 3 мың литр су кетеді. Ал оған сурет немесе өрнек басу керек болса, үш есе көп жұмсалады. Бршецлав қаласының өнертапқыштары жылдан жылға құны артып бара жатқан суды үнемдеуді шешті. Конструкторлар бірде бір тамшысын жұмсамай, мата бояйтын машинаны ойлап тапты. 

Миколас Мареш, құрастырушы:

– Тоқыма өндірісі табиғи қорды көп жұмсайтын сала екені бұрын да айтылып жүрген. Тіпті ең беделді дизайнерлік үйлер де бұл мәселені көтеретін. Алайда мамандар маталарға балама іздеп, оны шығару әдісіне назар аударған жоқ. Чехиялық жаңалық нағыз революция жасайды, өйткені мата сапасы төмендемейді, ал шығыны жүз есе азаяды.

Бұл машинаның сыры – цифрлық технологияларда. Компьютерлік бағдарламаның көмегімен матаны арнайы субстраттың көмегімен бояйды. Осының арқасында жылына 93 миллиард текше метр суды үнемдеуге болады. Тап осындай мөлшерді тоқыма өндірісі жұмсап жүр.

Михал Кроупа, құрастырушы:

– Бұл құрылғы өте үлкен, ұзындығы 10, ал ені –3 метр. Алайда бұл тек алғашқы үлгісі, мамандар әлі оны жетілдіреді. Судан бөлек осы машина электр қуаты мен химикаттарды үнемдейді. Бұл - әлемдегі экологиялық таза алғашқы қондырғы.  

Сурет басқанда табиғи пигменттерден жасалған бояу қолданылады. Матаны бұрынғыдай суда жібітудің қажеті жоқ, керісінше белгілі бір температуға дейін қыздыру керек. Конструкторлардың айтуынша, аппараттың көмегімен матаның сапасын жақсартып, оған бактериялар мен вирустарға қарсы препараттарды жағуға болады. Бұл қондырғы әзірше сынақтан өтіп жатыр және тек келесі жылда кеңінен қолданылатын түрі бар.

Авторлары: Александр Грэс, Павел Невид

Хабар 24 телеарнасы