425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде қызылша дертінен өлім-жітім көрсеткіші екі есеге артқан

  • 82
  • UPD: 14:40, 13.11.2020
Әлемде қызылша дертінен өлім-жітім көрсеткіші екі есеге артқан

Бүкіл әлем коронавирус пандемиясымен арпалысып жатқанда қызылша ауруы да дендеп кетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, былтырдан бастап бұл дертті жұқтыру саны күрт өсіп, оған 850 мыңнан астам адам душар болды. Бұл соңғы 24 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Көбісі жеңіл ауру санағанымен 2016 жылдан бастап одан өлім саны екі есе артқан. Өткен жылы қызылшадан 200 мыңнан аса адам көз жұмған болатын. Вирустың таралуына жол бермес үшін халықтың 95 процентіне бұл аурудан екі рет вакцина егу керек.

Сарапшылардың пікірінше, көптеген балаларға бұл екпе дер кезінде жасалмағандықтан қызылшамен ауырғандардың саны өсіп кетті. 

Наташа Кроукрофт, ДДСҰ өкілі:

- Халқының табысы төмен елдерде балаларға дер кезінде вакцина егілмей, қызылша ауруы ушыққан. Бұл вирусқа қарсы иммунитеті жоқ болғандықтан ауру асқынып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Барлығын вакцинамен қамтамасыз ету үшін жұмыла жұмыс істеуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы