422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Йота дауылы Орталық Америкаға таяп қалды

  • 65
  • UPD: 15:25, 16.11.2020
Йота дауылы Орталық Америкаға таяп қалды

Эта дауылынан есеңгіреп қалған Никарагуада енді Йота дауылы ойран салды.

Мамандардың айтуынша, долы дауыл Билви қаласы арқылы елдің көптеген өңірін жайпап өтпек. Кей жерлерде желдің екпіні сағатына 230 шақырымға дейін жетеді. Соңғы мәлімет бойынша дауыл Орталық Америкаға қарай бет алды.

Абырой болғанда, табиғат апатынан адам шығыны жоқ. Зардап шеккендер туралы да ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы