419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пудун әуежайында жаппай тестілеу жүріп жатыр

  • 99
Пудун әуежайында жаппай тестілеу жүріп жатыр

Қытайдың Шанхай қаласындағы Пудун әуежайында қызметкерлер мен жолаушыларды коронавирусқа қарсы жаппай тестілеу басталды.

Оған бір жүк тиеушіден вирустың анықталуы себеп. Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, қазірге дейін 17 мыңнан астам адам тексеріліп, олардың 11,5 мыңының нәтижесі теріс болып шыққан. Науқастан вирус қарашаның 20-сы анықталған. Содан кейін оның әйелі мен тағы бір әріптесінің жұқтырғаны да белгілі болды. Қазір науқаспен байланыста болған 52 адам оқшауланды.

Хабар 24 телеарнасы