Қазірдің өзінде вакцина жасайтын қызметкерлерді дайындау ісі қызу жүріп жатыр.
Олар медицина мамандары емес. Арасында алғашқы көмек көрсетуді білетін еріктілер де бар. Жергілікті Fox News арнасының хабарлауынша, британиялық ауруханалар екпенің алғашқы дозаларын желтоқсан айының басында алады. Бұған дейін билік америкалық Moderna вакцинасының 2 млн дозасын алғанын айтқан болатын. Сондай-ақ Британия үкіметі тағы 7 түрлі екпенің 350 млн дозасын сатып алуды жоспарлап отыр. Бірінші кезекте денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен қарттар үйлерінің тұрғындары егіледі.