419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камбоджада екі апталық карантин енгізілді

  • 109
  • UPD: 16:04, 01.12.2020
Камбоджада екі апталық карантин енгізілді

Камбоджада бүгіннен бастап сақтық шаралары күшейді. Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, ел астанасы Пномпеньде барлық жекеменшік мектептер, мұражайлар және жақында ғана түрме басшысының әйелінен коронавирус анықталған қонақүй жабылды.

Карантин мерзімі кемі 2 аптаға созылады. Сондай-ақ жарты ай бойы бір жерге 20 адамнан артық жиналуға болмайды. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының да жұмысы тоқтатылды. Жалпы Камбоджа бойынша қазіргі сәтке дейін 326 адам індет жұқтырған. Ал коронавирустан өлім-жітім оқиғасы бір де бір рет тіркелмеген екен.

Сун Сованарит, такси жүргізушісі:

- Өткен аптада коронавирус жұқтыру деңгейі біршама төмендеп, біраз ақша жасап алып едім. Бірақ індет қайта күшейіп, халықтың үрейі үдей түсті. Тапсырыс мүлде болмай жатыр.

Хабар 24 телеарнасы