419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таиландта тасқыннан 500 мыңнан астам адам зардап шекті

  • 95
  • UPD: 16:14, 03.12.2020
Таиландта тасқыннан 500 мыңнан астам адам зардап шекті

Таиландтың оңтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан тасқын басталып, бірнеше аймақтағы мекендерді су басып жатыр.

Табиғат апатынан жарты миллионға жуық адам зардап шекті. 5 адам опат болды. Тұрғындар тасыған су белуарға дейін жететінін айтады. Апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы